Нөмірлер
-
1Бағыт ережелері
1.Шипажайға бөгде адамның көмегінсіз өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіз, тұрақты күтімді қажет ететін адамдар қабылданбайды. Аталған адамдар шипажайға көмекшілерімен келуі тиіс, және де алдын ала жеке жолдама алынуы және қоныстану шарттары ескертілуі тиіс.
2.Шипажай емдеуді қажет ететін медициналық себептері (мысалы: церебральды сал ауруы диагнозы) болмаса, 16 жасқа толмаған балаларды қабылдамайды.
3.Тұтынушы 10 және одан да көп күнтізбелік күн үшін Жолдаманы қайтарған және (немесе) Тапсырыстың күшін жойған кезде - Жолдаманың жалпы құнының 5% (бес) мөлшерінде ұстап қалу жүргізіледі. -
2Жолдама және брондау ережелері
4.Тұтынушы 10 және одан кем күнтізбелік күн үшін Жолдаманы қайтарған және (немесе) Тапсырыстың күшін жойған кезде Жолдаманың жалпы құнының 20% (жиырма) мөлшерінде ұстап қалу жүргізіледі.
5.Жолдама атаулы құжат болып табылады. Жолдама алған адамның оны басқа тұлғаға беруге немесе сатуға құқығы жоқ. Жолдамада айқындалған күндер саны екі немесе одан да көп адамға бөлінуге жатпайды.
6."Мойылды" шипажайына жолдаманы брондау телефон, электрондық пошта және ресми сайт арқылы жүзеге асырылады. Төлем шотының негізінде брондау кезінде шот берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдама құнының кемінде 50% төлеу қажет
7.Жолдамада көрсетілген мерзімдерді ескермей (мерзімнен бұрын немесе мерзімнен кеш) келген адамдарды орналастыруға кепілдік берілмейді және сол сәтте шипажайда жолдаманың мерзімі өткен күндерін қалпына келтірмей, бос орындар болған кезде ғана жүргізіледі. -
3Болу ережелері
1.Жолдама құнына орналасу орны, 3 мезгіл тамақтану және медициналық қызметтердің негізгі (стандартты пакеті) тізімі кіреді. Демалушы өз есебінен қосымша ақылы медициналық қызметтерді сатып ала алады.
2.Тіркелу кезінде демалушының шипажай-курорттық карта (№069/утв нысанындағы медициналық құжаттама. ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № 175 бұйрығымен. 04.11.2020 ж.) шипажайдің әрбір қонағына қажет, тұрғылықты жері бойынша емханадан алынады. Шипажай-курорттық картаға қойылатын негізгі талаптар: ҚЖА, ЗЖА, қорытынды флюорография, ЭКГ қорытындысы, науқастың эпидемиологиялық ортасы, гинеколог/урологтың тексеруі.
3.Демалушы Шипажайдың аумағында және ғимаратында болған кезде төмендегілерді сақтауы және талаптарды басшылыққа алуы тиіс:
а) жалпыға танылған этика қағидалары;
б) әдептілік қағидалары:
- бөлмеде жануарлар, құстар, бауырымен жорғалаушылар және т.б. ұстауға тыйым салынады;
в) шипажайдың қызметкерлеріне де, басқа тұлғаларға да қатысты құқықтары мен заңды мүдделерін өзара сыйлау қағидалары;
г) өрт қауіпсіздігі ережелері;
д) жеке қауіпсіздік ережелері:
- шипажайда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін есірткі заттарын, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, химиялық және бактериалық препараттарды пайдалануға және сақтауға тыйым салынады; -
4Болу ережелері
4.Санаторий режимі жалпы күн тәртібін, демалушының мінез-құлық ережелерін, ем-дом қабылдау ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және т.б. қарастырады. Шипажай режимін бұзу дегеніміз мыналар болып табылады: шипажай бөлмелерінде темекі шегу, спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын пайдалану, шипажайда алкогольдік және есірткілік масаң күйде болу (шартқа қосымшаның осы тармағы бойынша айыппұлдар көзделген); сағат 23:00-ден кейін тыныштықтың бұзылуы; емшара қабылдау ережелерінің бұзылуы; санаторий мүлкін бүлдіру немесе жоғалту, жасыл желектерді бүлдіру және санаторий аумағын ластау; бөгде адамдардың бөлмесінде болуы (осы шипажайда тұрмайтын); осы "тұру ережесі мен санаторий режимінің" талаптарын басқа да бұзушылықтар.