• Емдеу

Медициналық емдеу стандарттары

Вопросы и ответы
Могу приехать с детьми?

К сожалению нет, санаторий принимает взрослых людей,
без детей и животных.

На сколько дней есть путевки?

Путевки предоставлены на 10 и 13 дней. Въезд осуществляется в Понедельник и Четверг.

Что входит в стоимость путевки

-проживание в номере выбранной категории
-4х разовое питание 
-лечение по выбранной программе 
-пользование спортивной базой 
-пользование библиотекой
-культурно-массовые мероприятия.

Какие документы нужны для въезда в санаторий?

При въезде необходимо при себе иметь удостоверение личности и санаторно-курортную карту.

Кірер алдында ұсыныстар
санаторийге
Ұсыныстар
кірер алдында
санаторийге
1

Шипажайға денсаулығының жағдайы бойынша шипажай-курорттық, профилактикалық емдеуді қажет ететін адамдар жіберіледі.

2

Кей жағдайда шипажай дәрігерлерінің (кардиолог, невропатолог, терапевт) қабылдауы кезінде теріс тұжырымадамасын алған жағдайда адам, емдеуге қабылданбауы мүмкін

3

Шипажайға бөгде адамның көмегінсіз өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіз, тұрақты күтімді қажет ететін адамдар қабылданбайды. Аталған адамдар шипажайға көмекшілерімен келуі тиіс, және де алдын ала жеке жолдама алынуы және қоныстану шарттары ескертілуі тиіс.

4

Шипажай емдеуді қажет ететін медициналық себептері (мысалы: церебральды сал ауруы диагнозы) болмаса, 16 жасқа толмаған балаларды қабылдамайды. 

5

Жасы 80  жастан асқан азаматтарды көмекшілерімен бірге қабылдаймыз.

6

Жолдама атаулы құжат болып табылады. Жолдама алған адамның оны басқа тұлғаға беруге немесе сатуға құқығы жоқ. Жолдамада айқындалған күндер саны екі немесе одан да көп адамға бөлінуге жатпайды.

7

Шипажайға жіберілген адам өзімен бірге мына құжаттар ала келу керек:
а) ТАПСЫРЫС БЕРУШІДЕН демалушының қолында жолдама немесе сенімхат (Д-1 нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы №562 бұйрығына 6-қосымша) болуы тиіс  
б) жеке куәлік немесе паспорт
в) берілгеніне 15 күннен аспайтын шипажай-курорттық карта (№069/е нысанды медициналық құжаттама. ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № 175 бұйрығымен.04.11.2020 ж.) (немесе дәрігердің келесі қорытындылар: ҚЖА, ЗЖА, қорытынды флюорография, ЭКГ қорытындысы, науқастың эпидемиологиялық ортасы, гинеколог/урологтың тексеруі.) 

8

Шетел қонақтарды тек ҚР аумағында визасы мен миграциялық (көші-қон) паспорты бар болған жағдайда ғана қабылдаймыз. Керек болып жатса, әкімшілігіміз миграциялық (көші-қон)  полицияда тіркелу сұрақтары бойынша кеңес бере алады.

9

Шипажайымызда есептесу сағаттардың екі түрі белгіленген:
Келіп орналасу мен шығу сағаттары:
•    Жолдаманың алғашқы күннің сағат 08:00 бастап келіп орналасу, жолдаманың соңғы күннің келесі күнінде 07:00 дейін шығу сағаты
•    Келіп орналасу күнінде сағат 16:00 кейін келген демалушыға емшара көрсетілмейді
•    Жолдаманың алғашқы күнінің алдыңғы күнінде сағат 20:00 бастап келіп орналасу, жолдаманың соңғы күні сағат 19:00 дейін шығу

10

Шипажайға орналасу жолдамада көрсетілген күндер бойынша қатаң түрде жүзеге асырылады. Толық емдеу курсы 20 күн, оңтайлы курс 13 күн, ең азы 10 күн

11

Шипажай-курорттық емдеу қабылдауға нұсқауды жоққа шығаратын қарсы көрсетілім бар адамдар шипажайға қабылданбайды. 
Аурулардың тізбесі АҚ «Мойылды шипажайына» жолдау ережелерінде көрсетілген (Осы Шарттың №1 қосымша).

12

Демалушыларды орналастыру сатып алынған жолдамалардың құнына сәйкес шипажай-курорттық қызметтер көрсетуге жасалған шартта көзделген талаптармен жүзеге асырылады

13

Жолдама құнына жатын орын, 3 мезгіл тамақтану және медициналық қызметтердің базалық пакеті кіреді. Демалушы қосымша ақылы медициналық қызметтерді өз қалтасынан төлеп сатып ала алады.

14

2 орындық нөмірге орналастырған жағдайда көршінің жасына, мінезіне, ұлтына байланысты шағымдар қабылданбайды

15

Жолдамада көрсетілген санатқа сәйкес берілетін бөлмелер бойынша шағымдар қабылданбайды (қабаттылық, бөлмелердің орналасуы және т.б.).

16

Демалушылар өздері тұрып жатқан бөлмелерде шипажайдың мүлкін пайдалану ережелерін сақтауы керек.
Үлкен көлемді жиһазды бөлме ішінде жылжытуға тыйым салынады.

17

Шипажай тәртібі жалпы күн тәртібін, демалушының іс-әрекет ережелерін, емдеу рәсімдерін қабылдау ережелерін, өрт қауіпсіздігін сақтауды және т.б. көздейді. Шипажай режимінің бұзылуына мыналар жатады: 
Шылым шегу, шипажай бөлмелерінде спирттік ішімдіктерді, есірткіні пайдалану, 
шипажайда алкогольдік және есірткілік масайған күйде болу (Келісімшарттың қосымшасының осы тармағы бойынша айыппұлдар көзделген); 
23 сағаттан кейін тыныштықты бұзу; 
Ем қабылдау ережелерін бұзу; 
санаторий мүлкін бүлдіруі немесе жоғалтуы, 
шипажай аумағының жасыл желектерін бүлдіру мен аумақты ластау;
бөлмеде бөгде адамдардың болуы (осы шипажайда тұрмайтын); 
осы «тұру ережесі мен шипажай тәртібінің» басқа да талаптарын бұзушылықтар.

18

Демалушы шипажайдан мерзімінен бұрын шыққан жағдайда, ақша қайтарылмайды (және жолдаманың қалған күндері сақталмайды, басқа адамдарға берілмейді)

19

Шипажай – темекі шекпейтін аймақ. Шипажайдың барлық аумағында, бөлмелерінде және барлық басқа үй-жайларында (темекі шегуге арналған арнайы орындардан басқа) темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Осы ережені бұзған адамға 5000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Қайта бұзу демалушыны шипажайдан мерзімінен бұрын шығаруға негіз бола алады.

20

Жолдаманы сатып алуы тапсырыс берушінің және әлеуетті тұтынушының (демалушының) осы ережелермен келісуін білдіреді.

21

11 ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсанындағы №759 бұйрығы «Медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсанындағы №886 бұйрығы «Шипажай-курорттық емдеу көрсетілген аурулар мен денсаулық бұзылуларының тізбесін бекіту туралы» бойынша шипажай-курорттық емдеу қабылдауға нұсқауды жоққа шығаратын келесі қарсы көрсетілім бар адамдар шипажайға қабылданбайды:
а) асқынған деңгейдегі барлық ауру, асқыну кезіндегу не іріңдеумен асқынған созылмалы аурулар;
б) оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейін жедел жұқпалы аурулар; бациллозды тасымалдау (дифтерия мен ішек инфекцияларына қатысты);
в) ерекше қабыну немесе жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар;
г) психикалық аурулар, нашақорлықтың барлық түрлері, созылмалы алкоголизм, эпилепсия;
д) қатерлі ісіктер (радикалды емдеуден кейін қанағаттанарлық жағдайда науқастар тек жергілікті шипажайларға жіберілуі мүмкін) ;
е) жедел деңгейдегі және өршу деңгейіндегі қанның барлық аурулары;
ж) кез-келген шыққан кахексия, ішкі ағзалардың амилоидозы;з) стационарлық емдеуді немесе хирургиялық араласуды қажет ететін барлық науқастар;
и) кез-келген этиологиядағы эхинококк;
к) әртүрлі шығу тегі бар жиі қайталанатын немесе ауыр қан кетулер;
л) жүктілік;
м) белсенді кезеңдегі туберкулездің барлық түрлері;
н) барлық жұқпалы және паразиттік көз және тері аурулары;
о) конвульсиялық ұстамалар және олардың баламалары, мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделудің айқын бұзылулары бар тұлғаның патологиялық дамуы, ақыл-ой кемістігі.
 

Рахмет, сіздің деректеріңіз
алынды!
Жақын арада біздің менеджеріміз хабарласады
сізбен бірге және барлық сұрақтарға жауап береді.
Жақын арада біздің менеджеріміз
сізбен байланысады және бәріне жауап береді
сұрақтар.
Ок
    Пікір қалдыру