Арқа массажы құрысқан бұлшықетті босаңсытуға және шаршауды басуға көмектеседі, сыздаған ауырсынудан арылтады, жалпы тонусты қалпына келтіреді, денеге күш-қуат пен жеңілдік сыйлайды, омыртқаның көптеген ауруларын, соның ішінде остеохондрозды, дене бітімінің қисаюын (лордоз, сколиоз, кифоз) және т.б. болдырмайды.
Процедураның сипаттамасы:
Келесі аймақтарға: мойын, кеуде, бел және омыртқаның сегізкөз бөлігіне, бастың түкті бөлігіне, құлақ қалқаны бөлігіне, бөксе аймағына; кеуденің ортасына дейінгі алдыңғы көкірек қуысына, иық белдеуіне классикалық емдік және алдын алу массажы жасалады.
Арқа массажын қашан жасау қажет?
Арқа массажы - бұлшықеттің құрысуын және ауырсыну синдромын алып тастайтын бұлшық етке механикалық әсер ету. Бұлшықет серпімді бола түседі, дене бітімі жақсарады, арқадағы ауырсыну азаяды, процедуралардан кейін көңіл-күй көтеріледі, жұмыс қабілеті артады.
Көрсеткіштер:
1. Омыртқаның кеуде, бел және мойын бөліктерінің остеохондрозы;
2. Омыртқаның кеуде, бел және сегізкөз бөліктерінің сколиозы;
3. Омыртқаның кеуде, бел, мойын және сегізкөз бөліктерінің ауырсынуы мен спазмы;
4. Көп қимылсыз өмір салты;
5. Күйзеліс, депрессия;
6. Отырып жұмыс істеу өмір салты (кеңсе қызметкерлері, әуесқой көлік жүргізушілер, оқушылар мен студенттер);
7. Ұйқының бұзылуы, жұмыс істеу қабілетінің төмендеуі;
8. Бас ауруы, бас айналуы.
Пайдасы мен тигізетін әсері:
• бұлшықеттегі құрысуды кетіреді, бұлшықет тонусы қалыпына келеді;
• ауырсынулар мен спазмдар кетеді;
• психологиялық зорығу сезімі алынып тасталады;
• шаршау кетеді, жұмыс істеу қабілеті артады;
• қан айналымы, микроайналым жақсарады, зат алмасу қалыпына келеді;
• ұйқы жақсарады.
Мына жағдайларда массаж жасатудан бас тарту қажет, егер:
• сеанс алдында массаж маманы сізге кеңес бермеген болса, сіздің жалпы жай-күйіңізді анықтамаса;
• теріде бөртпе және зақым - жаралар немесе гематомалар болса;
• жүрек және тыныс алу жүйесінің созылмалы аурулары болса;
• қызу көтеріліп, қабыну процестері басталса.
Арқадағы ауырсыну кезінде массажға күн сайын баруға болады, сауықтыру мақсатында - аптасына 1-2 рет жеткілікті. Нәтижені бекіту үшін 30-40 минуттан күнделікті 10-14 процедурадан тұратын курсқа бару қажет. Арқа массажы үшін эфир майлары мен кремдерді қолдануға болады, сеансқа 1-2 сағатқа дейін бұлшықетті босату үшін ыстық ванна немесе душ қабылдау пайдалы.
Ұсынылатын емдеу жиілігі:
• аптасына 4-7 рет 10 сеанстық курс;
• профилактика үшін айына 2 рет.