- Емдеу
- Жүрек-тамыр жүйесі
Жүрек-тамыр жүйесі
Жүрек-тамыр жүйесі
Шипажайда емделудіц медішішалық көрсеткіштері:
1. Ревматизм процестерінің белсенділік белгілерінсіз, қан айналымының I дәрежеден жоғары емес минималды белсенділігі болғанда митралды клапанның ревматикалық жетіспеушілігі кезінде.
2. Белсенділік белгілерінсіз және қан айналымының I дәрежеден жоғары емес минималды белсенділігі болғанда жетіспеушілігі көрінетін митралды стеноз.
3. Митралды клапан стенозына байланысты комиссуротомиядан кейінгі жағдай, ота жасалғаннан кейін 8-12 айдан соң, ревматизм процестерінің белсенділік белгілерінсіз және қан айналымының I дәрежеден жоғары емес болғанда.
4. Ревматизм процестерінің белсенділік белгілерінсіз, қан айналымының I дәрежеден жоғары емес минималды белсенділігі болғанда орталық клапанның ревматикалық жетіспеушілігі кезінде.
5. Инфекциялық-аллергиялык миокардит ауруынан кейінгі 1-1,5 жыл мерзіміне дейінгі жағдай. Өткір құбылыстар аяқталған соң және қан айналымының I дәрежеден жоғары емес жетіспеушілігі кезінде.
6. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы сирек және көпке созылмайтын стенокардия приступтары (I – II функционалды класс), ЭКГ патологиялық өзгерістерсіз және қан айналымының I дәрежеден жоғары емес жетіспеушілігі кезінде.
7. Ырғағы мен өткізгіштік бұзылушылықтары көрінбейтін, қан айналымының I дәрежеден жоғары емес жетіспеушілігі бар жүректің атеросклеротикалык ауруы.
8. Инфаркт миокарда болғанына бір жылдан астам уақыт болса, стенокардия приступтары болмаса немесе сирек, ауыр емес (I – II функционалды класс) приступтар болып тұрса, жүрек ырғағы бұзылушылыктарсыз және қан айналымының I дәрежеден жоғары емес жетіспеушілігі кезінде.
9. Гипотензия.
Шипажайлық емдеу қабылдауға медициналық тыйым салулар:
1. I – III дәрежедегі белсенді ревматикалық эндомиокардит.
2. II – III дәрежеден жоғары митралды стеноз болумен бірге I дәрежедегі белсенді ревматизм.
3. II – III дәрежеделі қан айналымьпшңкез келгенжетіспеушілігі.
4. Абрамов-Фидлер типтес инфекциялык-аллергиялық миокардит.
5. Толық атриовентрикулярлық блокада; политоптық, жиі болатын ерте экстросистолия, болар-болмас білініп тұратын аритмия, пароксималды тахикардия, Гис шоғырының сол аяғына блокада қойылу.
6. Жүректің созылмалы ишемиялық ауруы, жиі болатын стенокардия приступтары немесе сол қан айналымының I дәрежеден жоғары емес жетіспеушілігі кезінде (I – II функционалды класс).
7. Жүрек, аорта, ми және перифериялық тамырлардың созылмалы аневризмі.
8. II деңгейдегі эссенциалды гипертензия (ДД¥ бойынша) жоғары және II дәрежеден жоғары тәуекелділік.
9. Облитерирдік тромбангиит (Бюргер ауруы).
10. Септикалық тромбофлебит салдары өткір кұбылыстары аяқталғанына 1,5- 2 жыл толған кезде.
11. Тромбоэмболиялық ауру
12. Аяқтардағы күретамырлардың варикоздық кеңеюі.