- Емдеу
- Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі
Жүйке жүйесі
Шипажайда емделудің медициналық көрсеткіштері:
1. Остеохондроз, улану, инфекциялық-алергиялық негіздерінің салдарынан болған радикулит, радикулоневриттер, люмбоишиалгия, ишеаз, беттің, үштік жүйке невриті, остеохондроз немесе басқа этиология салдарынан, толық емес ремиссия деңгейінде және созылмалы ағымындағы мойын-йық радикулиті.
2. Хирургиялық араласуды қажет етпейтін қалпына келу және ремиссия деңгейіндегі жүйке жүйесі түптері, жүйке бұтақтарының қиылысу жарақаттарының салдары.
Шипажайлық емдеу қабылдауға меднциналық тыйым салулар:
1. Жуйке жүйесінің ісіктері.
2. Туберкулез сипаттағы жүйке жүйесінің аурулары
3. Асқынған деңгейдегі және қалпына келу белгілерінсіз жүйке жүйесінің аурулары.
4. Психика бұзылушылықтары байқалатын жүйке жүйесінің аурулары.
5. Амиотрофикалық бүйір склерозы, сирингобульбия, паркинсонизм, бытыраңқы склероз, сиригомиелияның көрінетін белгілері.
6. Бір жылға дейін инсульт ауруы салдарынан кейін.
7. Анамнезде қан-тамыр дағдарыстары орын алатын I стадиясындағы гипертониялық аурудың церебралды белгісі.
8. Анамнезде қан айналымы бұзушылыктары болатын церебралды атеросклероз.
9. Меньер ауруы.
10. Бас миы жарақаттарының салдары, дербес қозғалуды тежейтін паралич, эпилептиформалық талма және психика ауытқушылықтары.
11. Үзіліссіз дамитын ганглионит, солярит, трунцит және каузалгия.
12. Жеке пароксизм көрінетін вегето-қан тамыр дистониясы.
13. Түрлі этиологиядағы талмалар