“Мойылды”
Санаторий
  • Демалыс
  • Балшықпен емдеу
  • Минералды сулар
  • 7 000 +

    жыл сайын шападайымыздың
    риза қонақтары

  • 70 >
    аса шипажайымызда көрсетілетін қызмет түрі
  • 100+ жыл

    біздің шипажайымыз емдік-сауықтық
    қызмет көрсетіп келеді

Біз туралы

«Мойылды» шипажайын – демалыс, жасару мен сауығу үшін мінсіз жер.Біз сізге өзіңізді жақсы сезінуге көмектесетін кешенді терапиялық тәжірибені ұсынамыз.

Шипажай Павлодар қаласынан 10 км қашықтықта Мойылды деген шипалы көл жағалауында орналасқан.  Мойылды көлі – Қазақстанның ғасырлық көлдердің бірі. Шипажай атауы да көл атауымен аталған. Атауының өзі қандай! Мойыл – мәңгі көктем, қуаныш пен үмітті білдіреді. Дәл сондай үмітпен келгендер қуанышты күйін сақтағысы келеді. Шипажай өзінің балшықтың, көк саз бен Рапаның емдік қасиетімен танымал.

 

1912 ж. Шипажай өз болмысын кішігірім балшық су емханасы ретінде бастап, қазіргі таңда 100жылдан астам біз көптеген аурудың диагностикасы, ем мен алдын алумен айналасып келеміз 

Ем бағдары
  • 01
    Тірек-қимыл қозғалысының ауруларын емдеу
  • 02
    Шеткі жүйке жүйесінің ауруларын
  • 03
    Асқазан-ішек жүйесінің ауруларын емдеу
  • 04
    Уроандрологиялық ауруларын емдеу
  • 05
    Әйелдер жыныстық жүйе ауруларын емдеу
  • 06
    Заттек алмасу бұзылушылықтарын емдеу
Сіздің жолдамаңызды рәсімдуді
көмектесеміз
Шипажай туралы сұрақтарыңыз болса, номеріңізді қалдырыңыз: біз сізге қоңырау шалып кеңес береміз
Табиғи емдік фактор

Көлдің суында құнды тұнбаны — атақты Мойылды балшықты қалыптастыруға қатысатын Artemia saline шаян тәрізділері мекендейді. Қазақстанда бұл емдік балшықтың аналогтары жоқ. Сондай-ақ, көл Рапа қабатымен жабылған (қаныққан ерітінді болып табылатын су). Ол емдік ванналар үшін қолданылады.

"Мойылды" аумағында шаруашылық-ауыз су мен минералды судың екі ұңғымасы бар, одан натрий сульфаты-хлоридті су ішуге және емдеуге түседі.

Көл түбінде жасартатын әсері бар көк косметикалық саздың кен орындары бар. Жақын жерде орналасқан басқа су қоймасының түбі қара балшыққа бай, оның көмегімен буын аурулары емделеді. Жуу процедураларын (балшық ванналары мен аппликациялар, Рапа ванналары, су және қол массажы, тазарту процедуралары, панта ванналары) бірнеше жыл қатарынан кешенді түрде қабылдау ұсынылады.

Минералды су мен рапаның құрамы
Жолдаманы таңдаңыз
Жолдамаға не кіреді?
  • Дәрігердің нұсқауы бойынша емдеу
  • Тар шеңберлі мамандардың кеңестері
  • Шипажай аумағында тұру
  • Толық 3 мезгіл тамақтану
  • Мәдени-демалыс іс-шаралары
  • Көңілді әңгімелесу және таза ауа
Нөмірлік қор
Шипажайға кірер алдындағы ұсыныстар
  • 1
    Бағыт ережелері

    1.Шипажайға бөгде адамның көмегінсіз өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіз, тұрақты күтімді қажет ететін адамдар қабылданбайды. Аталған адамдар шипажайға көмекшілерімен келуі тиіс, және де алдын ала жеке жолдама алынуы және қоныстану шарттары ескертілуі тиіс.
    2.Шипажай емдеуді қажет ететін медициналық себептері (мысалы: церебральды сал ауруы диагнозы) болмаса, 16 жасқа толмаған балаларды қабылдамайды. 
    3.Тұтынушы 10 және одан да көп күнтізбелік күн үшін Жолдаманы қайтарған және (немесе) Тапсырыстың күшін жойған кезде - Жолдаманың жалпы құнының 5% (бес) мөлшерінде ұстап қалу жүргізіледі.

  • 2
    Жолдама және брондау ережелері

    4.Тұтынушы 10 және одан кем күнтізбелік күн үшін Жолдаманы қайтарған және (немесе) Тапсырыстың күшін жойған кезде Жолдаманың жалпы құнының 20% (жиырма) мөлшерінде ұстап қалу жүргізіледі.
    5.Жолдама атаулы құжат болып табылады. Жолдама алған адамның оны басқа тұлғаға беруге немесе сатуға құқығы жоқ. Жолдамада айқындалған күндер саны екі немесе одан да көп адамға бөлінуге жатпайды.
    6."Мойылды" шипажайына жолдаманы брондау телефон, электрондық пошта және ресми сайт арқылы жүзеге асырылады. Төлем шотының негізінде брондау кезінде шот берілген сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жолдама құнының кемінде 50% төлеу қажет
    7.Жолдамада көрсетілген мерзімдерді ескермей (мерзімнен бұрын немесе мерзімнен кеш) келген адамдарды орналастыруға кепілдік берілмейді және сол сәтте шипажайда жолдаманың мерзімі өткен күндерін қалпына келтірмей, бос орындар болған кезде ғана жүргізіледі.

  • 3
    Болу ережелері

    1.Жолдама құнына орналасу орны, 3 мезгіл тамақтану және медициналық қызметтердің негізгі (стандартты пакеті) тізімі кіреді. Демалушы өз есебінен қосымша ақылы медициналық қызметтерді сатып ала алады.
    2.Тіркелу кезінде демалушының шипажай-курорттық карта (№069/утв нысанындағы медициналық құжаттама. ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № 175 бұйрығымен. 04.11.2020 ж.) шипажайдің әрбір қонағына қажет, тұрғылықты жері бойынша емханадан алынады. Шипажай-курорттық картаға қойылатын негізгі талаптар: ҚЖА, ЗЖА, қорытынды флюорография, ЭКГ қорытындысы, науқастың эпидемиологиялық ортасы, гинеколог/урологтың тексеруі.
    3.Демалушы Шипажайдың аумағында және ғимаратында болған кезде төмендегілерді сақтауы және талаптарды басшылыққа алуы тиіс:
    а) жалпыға танылған этика қағидалары;
    б) әдептілік қағидалары:
    - бөлмеде жануарлар, құстар, бауырымен жорғалаушылар және т.б. ұстауға тыйым салынады;
    в) шипажайдың қызметкерлеріне де, басқа тұлғаларға да қатысты құқықтары мен заңды мүдделерін өзара сыйлау қағидалары;
    г) өрт қауіпсіздігі ережелері;
    д) жеке қауіпсіздік ережелері:
    - шипажайда азаматтардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін есірткі заттарын, жарылғыш заттарды, қару-жарақты, химиялық және бактериалық препараттарды пайдалануға және сақтауға тыйым салынады;

  • 4
    Болу ережелері

    4.Санаторий режимі жалпы күн тәртібін, демалушының мінез-құлық ережелерін, ем-дом қабылдау ережелерін, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды және т.б. қарастырады. Шипажай режимін бұзу дегеніміз мыналар болып табылады: шипажай бөлмелерінде темекі шегу, спирттік ішімдіктерді, есірткі құралдарын пайдалану, шипажайда алкогольдік және есірткілік масаң күйде болу (шартқа қосымшаның осы тармағы бойынша айыппұлдар көзделген); сағат 23:00-ден кейін тыныштықтың бұзылуы; емшара қабылдау ережелерінің бұзылуы; санаторий мүлкін бүлдіру немесе жоғалту, жасыл желектерді бүлдіру және санаторий аумағын ластау; бөгде адамдардың бөлмесінде болуы (осы шипажайда тұрмайтын); осы "тұру ережесі мен санаторий режимінің" талаптарын басқа да бұзушылықтар.

Пікірлер
  • Елена Зиновьева

    Мы были первыми гостями в 2016 году, номер только после реставрации, простой, но очень чистый. Мы бронировали «люкс», в номере две комнаты, ба...

    Толығырақ
  • Мадина

    Хотим поблагодарить всех сотрудников санатория за теплое отношение к пациентам (отдыхающим). Спасибо за доброжелательность, желание помочь, от...

    Толығырақ
  • Наталья

    Отдыхали с 5 октября 2021 года. Прекрасный санаторий! Расположение, условия проживания, лечение, питание - все замечательно! Очень приятный, в...

    Толығырақ
  • Игорь

    Отличное место отдохнуть и поправить здоровье. Приветливый, дружелюбный и ответственный персонал. На территории очень красиво и чисто. Есть св...

    Толығырақ
Сұрақтар мен жауаптар
Емделу нәтижелі болу үшін қанша күнге шипажайға келу керек?

Шипажай-курортты емделуігің толық курсы 20 күн болады. Жолдаманың ұзақтығы орта есеппен 10 күн. Ең тиімдісі – 13 күнге жолдама алып, дүйсенбі күні келіп орналасу. Өйткені жексенбі демалыс күні болғандықтан емдік іс-шара өткізбейді. Солай сізде ем алмайтын бір-ақ күн ғана болады

Менің жұмыс орнымнан менің атыме берілген жолдамамен басқа біреу ем қабылдай ала ма?

Жоқ. Шипажай-курортты жолдама атаулы құжат болып келеді.

Балалармен бірге келуге бола ма?

Шипажай аумағында 18ге толмаған адамдарға кіруге қатаң тыйым салынған.

Санаторийге кіру үшін қандай құжаттар қажет?

•    Ұйымның берген жолдамасы (бар болса), 
•    Сенімхат (Д-1 нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы №562 бұйрығына 6-қосымша) 
•    Жеке басын куәландыратын құжат/паспорт), 
•    Санаторий-курорттық карта (№069/е нысанды медициналық құжаттама. ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № 175 бұйрығымен.04.11.2020 ж.) ескіру мерзімі 15 күннен аспайды.

Бір жолдаманы екі адамға бөліп қолдануға бола ма?

Жоқ, жолдаманы бөлуге болмайды. Сізде бір жолдама болып, шипажайға екеу болып келгіңіз келсе, екінші адамға жолдама алдын ала тапсырыс беріледі.

Жолдаманы қалай алуға болады?

Кеңес беру және жолдаманы брондау үшін брондау бөлімшесіне 8(7182) 356533, 356656 телефондары бойынша қоңырау шалу қажет, сондай-ақ кеңес беру және брондау үшін WhatsApp нөмірлері қолданылады: +7 777 462 36 20, +7 701 802 72 08.
Серіктестікке қатысты сұрақтар, ұйымдардан өтінімдерді 87774623620@mail.ru электрондық поштаға жіберуге болады. 
брондау бөлімшесінің жұмыс режимі: дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 09: 00-ден 17: 00-ге дейін.
Түскі ас 12:00-ден 13: 00-ге дейін. Сенбі сағат 09: 00-ден 13: 00-ге дейін.

Жолдамадан бас тартқан кезде қандай айыппұлдар бар?

- Шипажайға келіп орналасу күнінен 10 (он) не одан да көп күнтізбелік күн бұрын броньнан бас тартқан жағдайда, ақша шипажай-курорттық жолдаманың ақысының 5% ұстап қалып қайтарылады;
- Шипажайға келіп орналасу күнінен 10 (он) күнтізбелік күннен кем күн бұрын броньнан бас тартқан жағдайда, ақша шипажай-курорттық жолдаманың ақысының 20% ұстап қалып қайтарылады
 

Мойылды шипажайына жолдама қанша тұрады?

Мойылды шипажайына жолдама қанша тұрады?
Жолдаманың бағасы тұратын күндер мен бөлме санатынан қалыптасады. Мысалы, 19,000 тг*10күн - 6,500 (жексенбіге шегерім)=183,500 тг он күндік жолдаманың бағасы.
Сонымен қатар, жолдамалардың бағасын біздің ресми сайттан, сондай-ақ телефон арқылы білуге болады +7 777 462 36 20.
 

Санаторийге қалай жетуге болады?

•    Теміржол вокзалынан немесе автовокзалдан санаторийге дейін сіз №66 маршруттық автобуспен (автобусты қадағалауға арналған қосымшаға сілтеме), кесте бойынша "SULPAK" аялдамасынан (вокзалға қарама-қарсы) жүреді. Жол жүру уақыты-30 минут. Немесе таксимен
•    Әуежайдан санаторийге дейін №22 маршруттық автобуспен теміржол вокзалына, одан әрі теміржол вокзалынан немесе автовокзалдан №66 маршруттық автобуспен жетуге болады. Немесе таксимен.
 

Процедуралар демалыс және мереке күндері өткізіле ме?

Шипажай алты күндік жұмыс аптасының кестесі бойынша жұмыс істейді.
Жұмыстың басталуы дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-ден 17: 00-ге дейін.
Сенбі күні сағат 08: 00-ден 13:00-ге дейін. (қысқартылған жұмыс күні)
Түскі үзіліс 13: 00-ден 14:00-ге дейін.
Жексенбі-демалыс, емдеу жүргізілмейді.
Мереке күндері медициналық қызметтер әдеттегі күн режимінде жүргізіледі.
Санаторий толық толмаған жағдайда жұмыс уақыты қысқаруы мүмкін.
 

Не үшін курорттық карта қажет?

Балшықпен емдеудің қарсы көрсетілімдері бар, сондықтан "Мойылды" санаторийіне келгендердің барлығы өздерімен бірге негізгі аурудың профилі, емдеу және сауықтыру бойынша ұсынымдар көрсетілген дәрігер-терапевт берген шипажай-курорттық картаны (№069/е нысанды медициналық құжаттама ҚР ДСМ 30.10.2020 ж.бұйрығымен) алып келуі тиіс. Сондай-ақ, сапар алдында эндокринологпен және басқа да тар профильді дәрігерлермен кеңесу керек, егер сіз олардың есебінде болсаңыз. шипажай-курорттық карта тұрғылықты жері бойынша емханада рәсімделеді. Шипажай-курорттық картасыз дәрігер процедураларды тағайындаудан бас тартуға құқылы.

Шипажай-курорттық картаны рәсімдеу міндетті ме?

Иә, Шипажай-курорттық карта (№069/е нысанды медициналық құжаттама. ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № 175 бұйрығымен. 04.11.2020 ж.) шипажайдің әрбір қонағына қажет, тұрғылықты жері бойынша емханадан алынады. Шипажай-курорттық картаға қойылатын негізгі талаптар: ҚЖА, ЗЖА, қорытынды флюорография, ЭКГ қорытындысы, науқастың эпидемиологиялық ортасы, гинеколог/урологтың тексеруі.
 

Санаторийге баруға қарсы көрсетілімдер бар ма?

Санаторийге бару жүкті және бала емізетін әйелдерге, 16 жасқа дейінгі балаларға, 80 жастан асқан адамдарға ұсынылмайды.
Медициналық көрсеткіштер бойынша келесі жағдайларда емдеуге қарсы:
•    Кез келген жүрек операциясынан кейін;
•    Жүрек ақауларымен (туа біткен және жүре пайда болған);
•    Инфаркт, инсульттан кейін;
•    Дәрі-дәрмектерді жүйелі түрде қабылдауды қажет ететін жүрек аурулары. Жүрек ритағының бұзылуы, жүрекшелердің фибрилляциясы, ГИС шоғырының аяқтарына толық блокада қою, жүректің жиі үзілістері бар av блокадасы. ХСН II-III деңг.
•    Гипертония II деңгейден жоғары, криздің жиі болуы, аяқтың айқын ісінуі, тұрақты ентігу, бас айналу;
•    Жиі ұстамалары бар және гормоналды препараттармен емделетін бронх демікпесі. ДН II-III деңгей.
•    I және II типті қант диабетімен асқынған тромбофлебиттер
 

Кірер алдында ұсыныстар
санаторийге
Ұсыныстар
кірер алдында
санаторийге
1

Шипажайға денсаулығының жағдайы бойынша шипажай-курорттық, профилактикалық емдеуді қажет ететін адамдар жіберіледі.

2

Кей жағдайда шипажай дәрігерлерінің (кардиолог, невропатолог, терапевт) қабылдауы кезінде теріс тұжырымадамасын алған жағдайда адам, емдеуге қабылданбауы мүмкін

3

Шипажайға бөгде адамның көмегінсіз өз бетінше жүріп-тұруға қабілетсіз, тұрақты күтімді қажет ететін адамдар қабылданбайды. Аталған адамдар шипажайға көмекшілерімен келуі тиіс, және де алдын ала жеке жолдама алынуы және қоныстану шарттары ескертілуі тиіс.

4

Шипажай емдеуді қажет ететін медициналық себептері (мысалы: церебральды сал ауруы диагнозы) болмаса, 16 жасқа толмаған балаларды қабылдамайды. 

5

Жасы 80  жастан асқан азаматтарды көмекшілерімен бірге қабылдаймыз.

6

Жолдама атаулы құжат болып табылады. Жолдама алған адамның оны басқа тұлғаға беруге немесе сатуға құқығы жоқ. Жолдамада айқындалған күндер саны екі немесе одан да көп адамға бөлінуге жатпайды.

7

Шипажайға жіберілген адам өзімен бірге мына құжаттар ала келу керек:
а) ТАПСЫРЫС БЕРУШІДЕН демалушының қолында жолдама немесе сенімхат (Д-1 нысаны бойынша Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 20.12.2012 жылғы №562 бұйрығына 6-қосымша) болуы тиіс  
б) жеке куәлік немесе паспорт
в) берілгеніне 15 күннен аспайтын шипажай-курорттық карта (№069/е нысанды медициналық құжаттама. ҚР ДСМ 30.10.2020 ж. № 175 бұйрығымен.04.11.2020 ж.) (немесе дәрігердің келесі қорытындылар: ҚЖА, ЗЖА, қорытынды флюорография, ЭКГ қорытындысы, науқастың эпидемиологиялық ортасы, гинеколог/урологтың тексеруі.) 

8

Шетел қонақтарды тек ҚР аумағында визасы мен миграциялық (көші-қон) паспорты бар болған жағдайда ғана қабылдаймыз. Керек болып жатса, әкімшілігіміз миграциялық (көші-қон)  полицияда тіркелу сұрақтары бойынша кеңес бере алады.

9

Шипажайымызда есептесу сағаттардың екі түрі белгіленген:
Келіп орналасу мен шығу сағаттары:
•    Жолдаманың алғашқы күннің сағат 08:00 бастап келіп орналасу, жолдаманың соңғы күннің келесі күнінде 07:00 дейін шығу сағаты
•    Келіп орналасу күнінде сағат 16:00 кейін келген демалушыға емшара көрсетілмейді
•    Жолдаманың алғашқы күнінің алдыңғы күнінде сағат 20:00 бастап келіп орналасу, жолдаманың соңғы күні сағат 19:00 дейін шығу

10

Шипажайға орналасу жолдамада көрсетілген күндер бойынша қатаң түрде жүзеге асырылады. Толық емдеу курсы 20 күн, оңтайлы курс 13 күн, ең азы 10 күн

11

Шипажай-курорттық емдеу қабылдауға нұсқауды жоққа шығаратын қарсы көрсетілім бар адамдар шипажайға қабылданбайды. 
Аурулардың тізбесі АҚ «Мойылды шипажайына» жолдау ережелерінде көрсетілген (Осы Шарттың №1 қосымша).

12

Демалушыларды орналастыру сатып алынған жолдамалардың құнына сәйкес шипажай-курорттық қызметтер көрсетуге жасалған шартта көзделген талаптармен жүзеге асырылады

13

Жолдама құнына жатын орын, 3 мезгіл тамақтану және медициналық қызметтердің базалық пакеті кіреді. Демалушы қосымша ақылы медициналық қызметтерді өз қалтасынан төлеп сатып ала алады.

14

2 орындық нөмірге орналастырған жағдайда көршінің жасына, мінезіне, ұлтына байланысты шағымдар қабылданбайды

15

Жолдамада көрсетілген санатқа сәйкес берілетін бөлмелер бойынша шағымдар қабылданбайды (қабаттылық, бөлмелердің орналасуы және т.б.).

16

Демалушылар өздері тұрып жатқан бөлмелерде шипажайдың мүлкін пайдалану ережелерін сақтауы керек.
Үлкен көлемді жиһазды бөлме ішінде жылжытуға тыйым салынады.

17

Шипажай тәртібі жалпы күн тәртібін, демалушының іс-әрекет ережелерін, емдеу рәсімдерін қабылдау ережелерін, өрт қауіпсіздігін сақтауды және т.б. көздейді. Шипажай режимінің бұзылуына мыналар жатады: 
Шылым шегу, шипажай бөлмелерінде спирттік ішімдіктерді, есірткіні пайдалану, 
шипажайда алкогольдік және есірткілік масайған күйде болу (Келісімшарттың қосымшасының осы тармағы бойынша айыппұлдар көзделген); 
23 сағаттан кейін тыныштықты бұзу; 
Ем қабылдау ережелерін бұзу; 
санаторий мүлкін бүлдіруі немесе жоғалтуы, 
шипажай аумағының жасыл желектерін бүлдіру мен аумақты ластау;
бөлмеде бөгде адамдардың болуы (осы шипажайда тұрмайтын); 
осы «тұру ережесі мен шипажай тәртібінің» басқа да талаптарын бұзушылықтар.

18

Демалушы шипажайдан мерзімінен бұрын шыққан жағдайда, ақша қайтарылмайды (және жолдаманың қалған күндері сақталмайды, басқа адамдарға берілмейді)

19

Шипажай – темекі шекпейтін аймақ. Шипажайдың барлық аумағында, бөлмелерінде және барлық басқа үй-жайларында (темекі шегуге арналған арнайы орындардан басқа) темекі шегуге қатаң тыйым салынады. Осы ережені бұзған адамға 5000 теңге көлемінде айыппұл салынады. Қайта бұзу демалушыны шипажайдан мерзімінен бұрын шығаруға негіз бола алады.

20

Жолдаманы сатып алуы тапсырыс берушінің және әлеуетті тұтынушының (демалушының) осы ережелермен келісуін білдіреді.

21

11 ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 12 желтоқсанындағы №759 бұйрығы «Медициналық оңалтуды көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» және ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2003 жылғы 3 желтоқсанындағы №886 бұйрығы «Шипажай-курорттық емдеу көрсетілген аурулар мен денсаулық бұзылуларының тізбесін бекіту туралы» бойынша шипажай-курорттық емдеу қабылдауға нұсқауды жоққа шығаратын келесі қарсы көрсетілім бар адамдар шипажайға қабылданбайды:
а) асқынған деңгейдегі барлық ауру, асқыну кезіндегу не іріңдеумен асқынған созылмалы аурулар;
б) оқшаулау мерзімі аяқталғанға дейін жедел жұқпалы аурулар; бациллозды тасымалдау (дифтерия мен ішек инфекцияларына қатысты);
в) ерекше қабыну немесе жұқпалы түрдегі барлық венерологиялық аурулар;
г) психикалық аурулар, нашақорлықтың барлық түрлері, созылмалы алкоголизм, эпилепсия;
д) қатерлі ісіктер (радикалды емдеуден кейін қанағаттанарлық жағдайда науқастар тек жергілікті шипажайларға жіберілуі мүмкін) ;
е) жедел деңгейдегі және өршу деңгейіндегі қанның барлық аурулары;
ж) кез-келген шыққан кахексия, ішкі ағзалардың амилоидозы;з) стационарлық емдеуді немесе хирургиялық араласуды қажет ететін барлық науқастар;
и) кез-келген этиологиядағы эхинококк;
к) әртүрлі шығу тегі бар жиі қайталанатын немесе ауыр қан кетулер;
л) жүктілік;
м) белсенді кезеңдегі туберкулездің барлық түрлері;
н) барлық жұқпалы және паразиттік көз және тері аурулары;
о) конвульсиялық ұстамалар және олардың баламалары, мінез-құлық пен әлеуметтік бейімделудің айқын бұзылулары бар тұлғаның патологиялық дамуы, ақыл-ой кемістігі.
 

Рахмет, сіздің деректеріңіз
алынды!
Жақын арада біздің менеджеріміз хабарласады
сізбен бірге және барлық сұрақтарға жауап береді.
Жақын арада біздің менеджеріміз
сізбен байланысады және бәріне жауап береді
сұрақтар.
Ок
    Пікір қалдыру